Бокс

«Кеңес Одағы деңгейінде тоқтап қалдық». Данияр Елеусінов қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы сәтсіздігін түсіндірді

«Кеңес Одағы деңгейінде тоқтап қалдық». Данияр Елеусінов қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы сәтсіздігін түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов «Студия 7» бағдарламасында қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы жеңілісі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Басқа елдерде боксшылардың деңгейі әлемдік үрдістермен бірге өсіп келеді. Ал біз Кеңес Одағы деңгейінде тоқтап қалдық. Мысалы, біздің спортшылар қашықта қалай жұдырықтасу керегін біледі, бірақ көбіне қарсылас жақындаған кезде не істерін білмей қалады. Мұндай жағдайда біздің боксшылар құшақтасып алады. Бұл техника емес. Соққы жасау үшін техниканы шыңдау керек, секірмеуді және тепе-теңдікті жоғалтпауды үйрену маңызды. Төзім мен жылдамдық керек, - деді Елеусінов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер