«Қайрат» ойыншылары «Црвена Звезданың» алаңында жаттығу өткізді

«Қайрат» ойыншылары «Црвена Звезданың» алаңында жаттығу өткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» ойыншылары Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Црвены Звездаға» қарсы матч алдында «Райко Митич» стадионында жаттығу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі аталған жаттығу сәтінен фоторепортаж жариялады.

«Црвена Звезда» – «Қайрат» матчы 28 шілдеден 29 шілдеге қараған түні Белград қаласында өтеді. Ойын Алматы уақытымен түнгі 0:30-да басталады.

Айта кетейік, Алматыда өткен алғашқы ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Фото fckairat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер