Бокс

Ғалымбек Кенжебаев: Боксшыларымыз тырысып жатыр, бірақ...

Ғалымбек Кенжебаев: Боксшыларымыз тырысып жатыр, бірақ...
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшыларымыздың сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты пікір білдірді.

«Бекзад Нұрдәулетовтің жеңілісі»

«Бекзад төрешілер санаған соққыларды жіберді. Әрине, жекпе-жек қиын болды. Бірінші раундта есе жібердім, екіншісінде жеңді, үшіншісі теңдей өтті. Басымдық біздің боксшыда болған, бірақ үзіліс, тоқтатылып, айқас осылай аяқталды... ресейлік Бекзадтың жолында болған мықты қарсыластардың бірі. Әрине, бұл жерде оңай қарсылас жоқ. Бірақ осы жекпе-жек үшін қатты уайымдаған едім».

«Василий Левиттің жеңілісі»

«Болған іс болды, өтті. Соққыны жіберіп алды. Жасына байланысты кері процесс басталған шығар. Иорданиядан кейінгі турнирде бабына келе алмады, бұл проблема бұған дейін де болған. Физикалық және психологиялық тұрғыда өз әсерін тигізген болар».

«Абылайхан Жүсіповтің жеңілісі»

«Өте жақын жекпе-жек болды. Мұндайда төрешілер жеңісті екі жаққа да бере алады. Бұл Олимпиада. Жігіттер бәрін түсінеді. Біз оларға көп шабуылдап, жұмыс істеу керегін айтамыз. Олар тырысып жатыр, бірақ көріп тұрғандарыңыздай, соққы жіберіп...».

«Серік Теміржановтың жеңілісі»

«Серік қолынан келгенді көрсетті. Ол мұндай боксшылармен бәсекеге түсетіндей деңгейге жеткен жоқ. 57 кг. Бізде бұл салмақ сәл... Ол соңғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, бірақ бізде бұл салмақта проблема көп»

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Фото: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер