Фернандо Торрес «Атлетикоға» оралды

Фернандо Торрес «Атлетикоға» оралды

«Атлетиконың» бұрынғы шабуылшысы Фернандо Торрес мадридтік клубқа оралды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады. 

Торрес клубтың жасөспірімдер командасын (U19) жаттықтырады.

«Эль Ниньо біздің клубты және академияны жақсы біледі. Үйге қош келдіңіз, Фернандо!», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 37 жастағы Торрес Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпазы. Ал Испания құрамасы сапында екі дүркін Еуропа чемпионы атанып, әлем чемпионатында топ жарған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0