Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ойыншылары Белградқа жетті

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ойыншылары Белградқа жетті
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің матчына қатысу үшін Белградқа барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ойыншылар Алматыдан Сербия астанасына түнгі рейспен ұшып барды. Жоспар бойынша осы кеште команда жаттығу өткізеді.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» жергілікті «Црвены Звездамен» кездеседі.

Айта кетейік, Алматыда өткен алғашқы ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер