Бокс

Серік Теміржанов әлемнің күміс жүлдегерімен кездеседі

Серік Теміржанов әлемнің күміс жүлдегерімен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Серік Теміржановтың (57 келіге дейінгі салмақ) Токио Олимпиадасындағы екінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Теміржанов америкалық Дюк Раганмен кездеседі. Ол алғашқы айналымда француз Самуил Кистурриді 3:2 есебімен жеңді. Раган 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Финалда қазақстандық Қайрат Ералиевтен жеңіліп қалды.

Егер Серік Теміржанов Дюк Раганды жеңсе, ширек финалда өзбек Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасуы мүмкін. Ол 1/8 финалда Курт Энтони Уокермен кездеседі.

Еске салайық, турнирдегі алғашқы жекпе-жекте Теміржанов венгр Ролан Галосты сенімді жеңген еді.

Абылайхан Жүсіповтің алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақ боксшыларынан Олимпиадада қандай нәтиже күтеміз?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер