Токио-2020. Абылайхан Жүсіповтің алғашқы қарсыласы анықталды

Токио Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кімге қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Жүсіпов бірінші кезеңде аргентиналық Брайан Агустин Аррегиді 3:2 есебімен жеңген америкалық Деланта Джонсонмен кездеседі. Жүсіпов - Джонсон жекпе-жегі 27 шілдеде өтеді.
Қоса кетейік, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының екі дүркін қола және Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или