Футбол

«Реал Мадрид» Давид Алабаны таныстырды

«Реал Мадрид» Давид Алабаны таныстырды
news-banner7
mobile-news-top

Давид Алаба «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы ретінде таныстырылды. Іс-шара «Реал Мадридте» өтіп, футболшының үздік кадрларын көрсететін бейнематериалмен басталды, - деп хабарлайды prosports.kz.

Енді экс-Бавария ойыншысы 4 нөмірлі жейдемен жасыл алаңға шығады.

Таныстырылым кезінде клуб президенті Перес:

«Давид – сен Баварияның керемет аңыздарының бірісің. Сен Мадридке футбол әлеміндегі ең жоғары құрметпен жеттің. Енді сені «Реалмен» жеңіске жету және біздің клубтың тарихына ену жолы күтіп тұр», - деді клуб президенті.

Давид Алаба болса, «Реал Мадридке» ауысқанына қуанышты екенін жеткізді.

«Бәріне сәлем, жылы қабылдағаны үшін сізге көп рахмет. Бұл менің мансабымдағы тамаша күн және мен осы клубтың жейдесін кигеніме қуаныштымын және мақтанамын. Біз бірге үлкен жетістікке жетеміз деп үміттенемін. «Реал Мадридте» 4 саны көшбасшылықты, күш пен тілекті білдіреді. Осы нөмірді алғанымды үлкен мәртебе санаймын. Мен мұнда адам ретінде және ойыншы ретінде өсу үшін келдім», - деді футболшы.

Давид Алаба «Бавария» сапында 12 маусым өткізіп, 10 дүркін ел чемпионы болған. 2 рет Чемпиондар Лигасын жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер