Қазақстандық боксшы Германияда титулды жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (15-0, 14 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз 21 тамызда Гамбургте өтетін бокс кешінде WBA International титулын қорғайды.
32 жастағы қазақстандық «Танк» лақап атымен танымал 31 жастағы америкалық Джоуи Давейкомен (21-8-4, 12 КО) 12 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Жан Кособуцкий биыл 20 ақпанында Гамбург қаласында нигериялық Онориоде Эвариемені (18-2, 17 КО) нокаутқа жіберіп, WBA International титулына ие болды.
Ал Давейко кейінгі жекпе-жегін туған жері Филадельфияда өткізді. 2021 жылы 3 сәуірде өткен кездесуде отандасы Джо Джонсты (11-4, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или