Конференция лига: «Астана», «Тобыл» және «Шахтер» командасының қарсыластары аталды
Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде өтті, оның қорытындысы бойынша қазақстандық клубтар өздерінің мүмкін қарсыластарын білді, – деп хабарлайды prosports. kz.
Егер «Астана» екінші турда грекияның «Арисінен» басым түссе, келесі кезеңде олар «КуПС» (Финляндия) – «Ворскла» (Украина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Егер «Тобыл» хорваттық «Хайдуктен» өтсе, онда «Аполлон» (Кипр) – «Зилина» (Словакия) жұбының жеңімпазына қарсылас атанады.
«Шахтер» үшінші айналымда румындық «Стяуаямен» кездесуде сәтті нәтиже көрсетсе, «Колоспен» (Украина) күш сынасады.
Екінші айналым матчтары 22 және 29 шілдеге жоспарланған. Үшінші кезең ойындары 5 және 12 тамызда өтеді.
Айта кетейік, УЕФА Еуропа Конференция Лигасы – бұл 2021/22 маусымында алғаш рет басталған еуропалық клубтардың жаңа сайысы. Оған УЕФА-ның барлық 55 ұлттық қауымдастықтарының 184 командасы қатысады, оның ішінде 46 клуб УЕФА Чемпиондар Лигасынан және УЕФА Еуропа Лигасынан ауысады.
Жаңа турнир Еуропалық клубтар футболының Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан кейінгі үшінші деңгей болып саналады.