«Астананың» экс-футболшысы Түркияда команда ауыстырды

<span>«Астананың»</span> бұрынғы футболшысы Педро Энрике Түркиядағы клубын ауыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бразилиялық жартылай қорғаушы <span>«Кайсериспордан»</span> <span>«Сивасспорға»</span> ауысты. «Сивасспордың» ресми сайтында хабарланғандай, 31 жастағы футболшы Түркия Суперлига клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Transfermarkt мәліметі бойынша, «Сивасспор» «Кайсериспорға» 1 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеген.
Еске салайық, 2018 жылдың жазында Педро Энрике <span>«Астанаға» </span> грекиялық ПАОК-тан жалға ауысып, қазақстандық клубта 2019 жылдың басына дейін ойнады. Ол Қазақстан премьер-лигасында 8 матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или