ҚПЛ: Маусым айының үздік ойыншысы мен бапкері марапатталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер лиганың маусым айындағы үздік ойыншысы мен бапкерін анықтады, деп жазады Prosports.kz.
Үздік ойыншы командалардың бас бапкері мен капитандары арасындағы сауалнама арқылы анықталады.
«Қайрат» ойыншысы Вагнер Лав маусым айының үздігі атанды. Тәжірибелі ойыншы 37 ұпай жинады.
Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынға «Астана» ойыншысы Марин Томасов, үшінші орынға «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев жайғасты.
Ал айдың үздік бапкері атағы «Қайрат» жаттықтырушысы Кирилл Кекерге бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или