Қазақстанның үш дүркін чемпионы «Астанадан» кетті
«Астана» футбол клубы мен Роман Муртазаев екі жақтың келісімімен еңбек қатынасын тоқтатады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Муртазаев елордалық клубтағы мансабын 2017 жылы бастады, үш маусымды «Астана» сапында өткізді.
2020 жылы Роман Қостанайдың «Тобылында» ойнады, келесі жылы елордалық командаға оралды. «Астана» сапында 149 матч өткізіп, 30 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.
Клубпен бірге Роман үш рет чемпиондық атаққа ие болды және екі рет Қазақстан Суперкубогының иегері болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или