«Қайсарға» ресейлік қорғаушы ауысып келді

«Қайсарға» ресейлік қорғаушы ауысып келді

«Қайсар» футбол клубы ресейлік қорғаушы Михаил Мищенкомен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Футболшымен келісімшарт осы маусымның соңына дейін жарамды.

32 жастағы қорғаушы мансабының көп бөлігін Ресейде өткізді. Ол «Рубин», «Терек», «Алания», «Торпедо», «Тосно», «Сибирь», «Тамбов», латвиялық «Венстлипс» және беларусьтік «Торпедо-БелАЗ» сияқты клубтарда ойнады.

Өткен маусымда футболшы «Тараз» сапында доп тепті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или