Евгений Егембердиев АСА жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (12-3) ресейлік ACA лигасының чемпиондық жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
36 жастағы спортшы 16 шілдеде Сочиде өтетін ACA 126 турнирінде өнер көрсетеді. Басты жекпе-жекте Муслим Магомедовпен кездеседі (9-0). Файтерлер ауыр салмақта ACA (93 кг) чемпиондық белбеуі үшін төбелеседі.
Евгений Егембердиев жартылай ауыр салмақтың <span>(93 кг) </span>лимитіне сай келсе, қарсыласы Муслим Магомедов сәл артық салмақ көрсетті.
Ұйымның таратқан мәліметіне қарағанда, ACA 126 турнирі көрерменсіз өтеді. Ресейдің Краснодар аймағында ковидке қатысты іс-шараларды көрерменмен өткізуге шектеу болмағанымен, ұйым осындай шешімге келген.
Евгений Егембердиев соңғы рет сегізбұрышқа өткен жылдың желтоқсанында шықты. ACA 115-те ол бұрын UFC-де бақ сынаған Люк Барнатты нокаутқа жіберді.
26 жастағы Магомедов осы жылдың наурыз айында бразилиялық Леонардо Силва да Оливейраны төрешілер шешімімен жеңді.