«Орта салмақ патшасымын». Жәнібек Әлімханұлы тағы бір мәлімдеме жасады

«Орта салмақ патшасымын». Жәнібек Әлімханұлы тағы бір мәлімдеме жасады

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Бұл жолы боксшы өзін орта салмақ патшасы деп атады. Ол Бүкіләлемдік бокс ұйымын (WBO), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығын (WBA), Бүкіләлемдік бокс кеңесін (WBC) және оның басшысы Маурисио Сулейманды белгілеп, жазда жариялады.

«Қайда, қашан? Кез келген чемпионмен жұдырықтасуға дайынмын! Мен кез келген чемпионды жеңе алатынымды бәрің білесіңдер. Мен орта салмақ патшасымын», - деп жазды Әлімханұлы Твиттерде.

Еске салайыө, қазір орта салмақтағы WBO белбеуі америкалық Деметриус Андрадеде, WBA Super титулын жапон Риота Мурата иеленген, ал америкалық Джермалл Чарло - WBC чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или