Еуропа чемпионатын отандық телеарналардан 2,5 млн көрермен тамашалады

Еуропа чемпионатын отандық телеарналардан 2,5 млн көрермен тамашалады

Футболдан UEFA EURO 2020 турнирін бір ай бойы отандық телеарналардан 2,5 миллион қазақстандық тамашалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы TNS Central Asia зерттеу компаниясының деректеріне сүйене отырып, футбол матчтарын телеарналар арқылы тамашалаған көрермен санын жариялады.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарындағы 51 ойынның жалпы көрермендер саны 2 486 184 мың адамды құрады.

Оның ішінде ең көп көрермен жинаған TOP-5 матчтың қатарында Англия – Германия, Португалия – Германия, Хорватия – Испания, Уэльс – Дания, Дания – Бельгия арасындағы кездесулер тұр.

Бес ойынның жалпы жанкүйерлер саны - 885 460 адам. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының ресми сайты және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы ең көп қаралған матчтар бестігін Италия-Англия арасындағы ойын бастап тұр.

Финалдық матчты 281 339 көрермен онлайн тамашалаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или