Иван Дычко әлемдік рейтингке енді
Атақты Boxrec.com сайты екі жылдан бері рингке шықпаған қазақстандық боксшы Иван Дычконы (10-0, 10 КО) рейтингісіне қайта қосты, деп жазады Prosports.kz.
Дычко 2019 жылы шілдеден кейін ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Соған байланысты Boxrec қазақстандық боксшыны рейтингтен алып тастады. Бірақ Алматыдағы жеңісінен кейін оны тізімге қайта қосты. Ол қазір 68-орында тұр.
Айта кетейік, Иван Дычко Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Денис Бахтовты (39-19, 26 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңді. Отандасымыз бар болғаны 58 секундта жеңіске жетті.
<h4>Иван Дычко Алматыдағы айқаста нокаутпен жеңісті жетті</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или