Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазбек Гетериев 36 жасында ойыншы мансабын аяқтады.
Ол соңғы екі жылды Ресейдің үшінші дивизионында ойнайтын нальчиктік "Спартакта" өткізді. Ол бұл клубта 2007-2010 жылдары ойнаған болатын.
Жартылай қорғаушы <span>2013 жылдан бастап былтырға дейін Қазақстанда өнер көрсеткен еді. Дәлірек айтқанда "Қайрат", "Ордабасы", "Қайсар", "Ертіс", "Оқжетпес" және "Каспий" командаларында ойнаған болатын. </span>
<span>Ал 2010-2015 жылдар арасында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған. Қазақстан азаматтығын алған ресейлік жеті матчта алаңға шыққан еді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или