Садриддин Ахмедовтың кезекті жекпе-жегі өтпейді

Садриддин Ахмедовтың кезекті жекпе-жегі өтпейді

<span>Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегі кейінге қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. </span>

<span>Қазақстандық спортшыға қарсы шығуы тиіс канадалық Мпонда Калунга осы оқиғаға байланысты: «Менің қарсыласым жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпайтын болды. Өкінішті, Монреалда кезекті атақ үшін сайысқа түскім-ақ келген еді.</span>

<span> Мен осы күнге жету үшін қаншама уақыт, күш жұмсадым. Өзімнің тарапымнан істелуі керек нәрсенің бәрін істедім, бұдан басқа қолдан келер шара жоқ. Қарсыласымның тезірек жазылуын тілеймін. Маған жанкүйер болған барлық азаматтарға алғыс айтамын»,-деді ол.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или