«Барыс» жаңа маусымға дайындық жоспарын жариялады

«Барыс» жаңа маусымға дайындық жоспарын жариялады

«Барыс» хоккей клубы алдағы маусымға дайындық жоспарын бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Команда 22 шілдеде демалысты аяқтайды. Екі күн ішінде ойыншылар медициналық тексеруден өтеді, содан кейін олар Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін бастайды (24 шілде мен 10 тамыз аралығында).

11-16 тамыз аралығында «Барыс» өз алаңында «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына» қатысады. Турнирлің жарыс кестесі кейінірек жарияланады.

18 тамызда «Барыс» Минскіге аттанады, онда Беларусь құрамасымен екі жолдастық матчы өтеді (19 және 21 тамыз).

ОЖЖ-ның қорытынды бөлімі 23-31 тамыз аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді. Ал ҚХЛ жаңа маусымы 1 қыркүйекте басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или