УЕФА Швейцария — Испания мен Бельгия — Италия матчтарына төрешілер тағайындады
УЕФА футболдан Еуропа чемпионаты ширек финалындағы Швейцария — Испания және Бельгия — Италия матчтарына төрешілер тағайындады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Швейцария мен Испания матчында англиялық төрешілер бригадасы жұмыс істейді. Бас төреші — Майкл Оливер, оның ассистенттері — Стюарт Бэрт пен Саймон Беннет. Қосалқы төреші Овидиу Хацеган (Румыния) болды.
Ал Бельгия — Италия матчында словениялық<span> </span>Славко Винчич бас қазы болады. Оның көмекшілері — Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич. Қосалқы төреші аргентиналық Фернандо Андрес Рапаллини болады.
Швейцария — Испания матчы 2 шілдеде Санкт-Петербургте өтеді. Елорда уақытымен 22:00-де басталады. Бельгия мен Италия сол күні Мюнхенде кездеседі. Ойынның басталуы — 01:00-де.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или