«Бірінші раундта нокаутқа түсірмеймін». Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы осы салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлімханұлы мәлімдемесін Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Андраде, менің ойымша, сен қазір жаттығуда солақай боксшымен спарринг өткізіп жүрсің. Мен сені бірінші раундта нокаутқа түсірмеймін. Жанкүйерлерге қазақ стилінен ләззат алу мүмкіндігін бергім келеді. Сені 7-8 раундта тоқтатамын. Сені жеңемін, мұны сен де білесің», - деді.
Айта кетейік, өткен демалыста Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты жеңіп, профи-рингтегі оныншы жеңісіне қол жеткізген болатын.
Andrade I think you are training now and sparring with the left-hander. Be 100% ready. I don't want to knock you out in the first round. I want to give fans the opportunity to enjoy QAZAQ style. I will stop you 7-8 rounds. I will win you and you know it. #boxing
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) June 29, 2021