Су добы: Қазақстан әйелдер құрамасы суперфиналда Испаниядан жеңіліп қалды

14 маусымда Грецияның астанасы Афиныда су добынан әйелдер арасындағы Дүниежүзілік лиганың суперфиналындағы Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы Испания құрамасынан 11:20 есебімен жеңіліп қалды.
Еске сала кетейік, 15 маусымда Қазақстан АҚШ командасымен ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или