Су добы: Қазақстан құрамасы әлемдік әйелдер лигасында суперфиналға қатысады

Су добы: Қазақстан құрамасы әлемдік әйелдер лигасында суперфиналға қатысады

<span>Бүгін, 14 маусым күні Афинада (Грекия) су добынан әлемдік әйелдер лигасында суперфинал басталады. Аталған додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. </span>

<span>Қазақстан құрамасы В тобында Испания, АҚШ және Грекия командаларына қарсы ойнайды. Ал А тобына Канада, Венгрия, Жапония және Ресей елдері түскен.  </span>

<span>Жарыстың алғашқы үш күнінде топтық кезеңдегі орындарды анықтау үшін іріктеу кезеңі өтеді. Бейсенбі күні ширекфиналдық сайыстар басталады.  </span>

<span>Су добынан ел құрамасының алғашқы қарсыласы Испания командасы болмақ. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или