Фируза Шарипова: Ким Кардашьянмен жұдырықтассам, жекпе-жек бір минутқа да жетпес еді

Фируза Шарипова: Ким Кардашьянмен жұдырықтассам, жекпе-жек бір минутқа да жетпес еді

Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова америкалық Флойд Мэйвезер мен блогер Логан Пол арасындағы кездесуге қатысты пікір білдіріп, реалити-шоу жұлдызы Ким Кардашьянмен жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

 Флойд Мейвезер мен Пол Логан арасындағы жекпе-жекке қатысты не ойлайсыз?

– Егер бұл нағыз жекпе-жек болғанда, Флойд бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетер еді. Осындай көрмелік жекпе-жектерде жүздеген миллион доллар тауып жатқаны керек. Бұл боксты танымал ету үшін де маңызды. Екі қатысушының да жанкүйері көп, ал сарапшылар PPV табысы шамамен 200 миллион доллар болады деп болжады. Бұл өте керемет. Мен осындай табыс табуға тырысамын және сол үшін көп жұмыс істеймін.

– Осындай жекпе-жекте өз мүмкіндігіңізді қалай бағалайсыз? Мысалы, Ким Кардашянмен жұдырықтассаңыз, кездесу қалай аяқталуы мүмкін?

– Егер мен Логанмен кездессем, оны екінші немесе үшінші раундта нокаутқа жіберер едім. Ал Ким Кардашянмен жекпе-жек бір минутқа да жетпес еді, - деді Фируза «М13» промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Флойд Мейвезер мен Логан Пол арасындағы көрмелік жекпе-жек 7 маусымға қараған түні Майамиде өткен. Кездесу сегіз ранудқа созылып, жеңімпаз анықталған жоқ. Себебі боксшылар тек жеңіс тек нокаут арқылы тіркеледі деп келіскен.   

Фото: Фируза Шарипованың баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или