Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы үшінші кездесуінде Қазақстан құрамасы АҚШ командасына қарсы ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) - Маклюков-Диц, Панюков-Шевченко-Старченко; Орехов-Блэкер, Михайлис-Волк-Савицкий; Степаненко-Шалапов, Шин-Шестаков-Рымарев; Данияр, Әсетов, Аколзин-Сагадеев-Петухов.

Өкінішке орай, жерлестеріміз 0:3 есебімен ұтылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Латвия мен Финляндияны буллиттен жеңген болатын.

Ертең Михайлис шәкірттері Германиямен ойнайды. Ойын 19:15-те басталады.

АҚШ — Қазақстан 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

Шайбы соққандар:

1:0 — 06:57 Кленденинг (Робертсон, Мур)

2:0 — 21:33 Мур (Джонс)

2:0 — 41:58 Друри (Донато, Теннисон)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или