Жәнібек Әлімханұлы Эгис Климаспен кездесті
                  Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) менеджері Эгис Климаспен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы 28 жастағы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.
«<span>Менеджерім Эгис Климас. Бүгін жолығып, мансабымның келесі деңгейіндегі шаруаларды ақылдастық. Алда жағымды жаңалықтар көп</span>», - деп жазды Жәнібек.
Айта кетейік, Әлімханұлы алдыңғы жекпе-жегін 2020 жылы 9 қазанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізді. Онда аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или