Бокс

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында жаңа салмақта өнер көрсетеді

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында жаңа салмақта өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан құрамасы ерлер арасында өтетін Азия чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Құрлықтық бәсекеде жаңа салмақта жұдырықтасатын Махмұд Сабырхан Olympic.kz сайтына құрлықтық біріншілікке дайындығы мен жаңа салмаққа өту себебін түсіндірді.

"Азия чемпионатына дайындық ретінде Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатырмыз. Биылғы Азия чемпионатына мен жаңа салмақта, 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаймын. Осыған дейін 52 келіде жұдырықтасқан болатынмын. Бұл салмақа қазір түбегейлі ауыстым деп айта алмаймын. 52 келіде Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан Сәкен Бибосынов қатысады. Сондықтан, құрама бапкерлерінің шешімімен осы салмақта сынға түсетін болдым.

Жаңа салмақ маған қиын болады ойламын. Себебі, бұл салмақтағы да бірқатар қарсыластарды білемін, олардың әдістері таныс. Осы салмаққа үйреніп, келешекте 56-57 келіде жұдырықтасатын боламын", - дейді Махмұд Сабырхан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер