Бокс

Джошуа мен Фьюри арасындағы жекпе-жектің өтетін уақыты анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Аса ауыр салмақта WBA/IBF/WBO тұжырымдарының чемпионы Энтони Джошуа мен WBС белбеуінің иегері Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жектің өтетін уақыты белгілі болды. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн мәлімдеді.

- 7 не 14 тамыз. Жекпе-жектің Сауд Арабиясында өтетіні ешкімге құпия емес. Бұған дейін Боб Арум мәлімдеме жасап қойды, - деп келтіреді Эдди Хирннің сөзін Sky Sports.

Айта кетейік, Джошуа мен Фьюри биыл екі жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Боксшылар екі айқастан 75 миллион доллар табыс түсірмек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер