«Қайрат» командасы Ресейдің қай чемпионатында бақ сынайды?

«Қайрат» командасы Ресейдің қай чемпионатында бақ сынайды?
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат-Мәскеу» деп аталатын жаңа клуб Ресейдің чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жаңадан құрылатын команда биылдан бастап Ресейдің Кәсіпқой футбол лигасында «Батыс» аймағында бақ сынайды. КФЛ - Ресейдегі деңгейі жағынан үшінші дивизион.

«Қайраттың» өкілдері клубты чемпионатқа орналастыру бойынша жұмыстарды атқару үшін Алматыдан Мәскеуге аттанған.

«Қайрат-Мәскеу» командасы Красногорс қаласында тұрақтайды. Команданың тізгінін Кирилл Кекер ұстайды. Алдағы уақытта негізгі құрамға «Қайрат-Жастардың» ойыншылары шақыртылады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер