Live
Спорттағы коронавирус
Командалық

Жамбыл облысында Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған волейбол турнирі өтті

Жамбыл облысында Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған волейбол турнирі өтті

Жамбыл облысында Ғ.Байтасовты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Бүгін «Динамо» дене шынықтыру-спорт кешенінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өтті. Спорттық іс-шара барлық санитарлық-талаптарды сақтаумен ұйымдастырылды» делінген жазбада.

Жанат Сүлейменовтің жазуынша, Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев, Мемлекеттік қайраткер, облыстың құрметті азаматы Мұратбай Жолдасбаев, Жамбыл облысы Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Мұқаш Ескендіров, облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Марат Ирменов, Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Қайрат Қармандаев, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Теңізжан Жәнібеков және батырдың екі ұлы Арманжан мен Әділжан Байтасовтар қатысқан.

«Турнирде 10 команда бақ сынады. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде 1-орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаменті жеңіп алды. 2-орынды турнир ұйымдастырушыларының арнайы шақыруымен келген «Қазфосфат» командасы алды. 3, 4-орындарды Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаменті иеленді.

Ғазиз Байтасовтың есімін ұлықтау шарасы жыл сайын жалғасын табатын болады. Алдағы 3 сәуір күні полиция капитаны 50 жасқа толар еді» - деп атап өтті полиция генерал-майоры. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0