Хосе Канте Түркияда қалды. Ол Қазақстан Суперкубогында «Қайратқа» көмектесе алмайды

Хосе Канте Түркияда қалды. Ол Қазақстан Суперкубогында «Қайратқа» көмектесе алмайды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» қатарына ауысуы мүмкін шабуылшы Хосе Канте алматылықтарға Қазақстан Суперкубогында көмектесе алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz дереккөзге сілтеме жасап.

Форвард, кем дегенде, турнирдің алғашқы матчы - жартылай финалда ойнамайды. Себебі клуб өкілдері футболшыға жұмыс визасын алып бере алмай жатыр. Бұған да пандемия әсерін тигізген.

Бірақ Канте «Қайратта» медициналық тексерістен өткен. Түркиядағы жиынға 25 ақпанда қосылған болатын.

Испанияда туған гвинейлік ойыншы «Қайраттың» таныстырылымында да, ҚКФЛ сайтындағы тіркеуде де жоқ. Енді алматылықтар футболшыны Қазақстан чемпионаты басына дейін тіркеп үлгеруі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер