Волейболдан әйелдер командалары арасында кейінге шегерілген кездесу өткізілді

<span>Алматы қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында кейінге шегерілген кездесу өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің ІІІ кезеңі аясында "Алматы" мен "Жетісу" командалары өзара кездесті. Екеуара кездесу 1:3 (14:25 25:22 17:25 13:25) есебімен "Жетісу" құрамасының еншісіне шешілді. </span>
<span>Айта кетерлігі, әйелдер командалары арасындағы келесі кезең Петропавл қаласында өтеді. Ұлттық лиганың ІV кезеңі 12-19 ақпан күндеріне жоспарланған. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или