Садриддин Ахмедов бір жекпе-жекте үш титул жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) бірінші орта салмақтағы үш титулды жеңіп алды: WBC Francophone, WBA Continental және NABF, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық өзінің титулдық жекпе-жегін Мексиканың Куернавака қаласында өткізді. Оның қарсыласы голландиялық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) болды.
Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белбеуді жеңіп алып, кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо өзінің төртінші жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или