ММА

UFC 257: Порье Макгрегорды нокаутпен жеңді

UFC 257: Порье Макгрегорды нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Абу-Дабидегі Fight Island-да («Сарбаздар аралы») UFC 257 турнирі мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье жұдырықтасты.

Жекпе-жек екінші раундтың ортасына дейін ғана жалғасты. Дастин Порье техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Порье МакГрегорға 2014 жылы кеткен есесін қайтарды. Қос файтер арасындағы алғашқы жекпе-жекте Конор бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, осы кеш аясында Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетті. Жерлесіміз швед спортшысы Амир Альбазиге төрешілер шешімімен есе жіберіп, UFC-дегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер