Хоккей

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» тізе бүктірді

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» тізе бүктірді
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы ойынында елордалық «Барыс» түзде мәскеулік «Динамодан» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда бірінші периодта екі шайбы соқты. Джесси Блэкер маусымда алғаш рет мергендік танытса, араға үш минут салып Павел Акользин есепті еселеді.

Қалған екі жиырмаминуттықта таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Мәскеуліктер қанша шабуылдаса да, Хенрик Карллсон қақпадан саңылау таба алмады. «Барыс» қақпашысы өз иелегіне бағытталған қырық соққыны қайтарды.

Өткен турда «Барыс» командасы «Йокеритті» 4:1 есебімен жеңген еді.

Келесі матчты елордалық команда 23 қаңтарда «Витязьға» қарсы өткізеді.

ҚХЛ

«Динамо» (Мәскеу) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан) - 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)

0:1 - Блэкер (Вароне, Панюков) - 15:09
0:2 - Акользин (Блэкер) - 18:08

Қақапашылар: Ерёменко – Карлссон.

«ВТБ Арена» мұз айдыны. 1958 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер