«Динамо» (Мәскеу) – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

21 қаңтарда Мәскеуде «Барыс» жергілікті «Динамомен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» пен «Динамо» арасындағы текетірес ымырасыз саналады. Қарсыластардың бұған дейінгі бес кездесуі қосымша уақытта аяқталған болатын. Аталған матчтардың төртеуінде мәскеуліктер жеңіске жетті.
Алайда барыстар Ресей астанасына «Йокеритті» жеңгеннен кейін (4: 1) көтеріңкі көңіл-күймен келді және бұл қазақстандық хоккей жанкүйерлеріне кездесуде оң нәтижеге сенуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
«Динамо» (Мәскеу) - «Барыс» матчының тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20-да басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН тамашалауға болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или