Әлем футболы

Лионель Месси 12 ойынға шеттетілуі мүмкін

Лионель Месси 12 ойынға шеттетілуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

"Барселона" капитаны Лионель Месси Испания Суперкубогы финалында "Атлетик" ойыншысына қарсы тәртіп бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, аргентиналық кездесу соңында қарсыласын ұрып жібергені үшін тікелей қызыл қағаз алды.

AS ақпаратына сәйкес, жұлдызды футболшының мінез-құлқы агрессивті деп танылған жағдайда, Ереженің 98-тармағына сәйкес 4-тен 12 ойынға дейін шеттетіледі.

Айта кету керек, хаттамада төреші Хесус Хиль Мансано Мессидің іс-әрекетінде агрессияның бар екенін көрсеткен жоқ. Алайда, оқиғаны комитет әлі де қарайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер