ММА

Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды

Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшының өзі «Ontustik TV» бағдарламасында айтты.

Арман өткен жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста (Невада штаты) аты аңызға айналған файтер Рэнди Кутюр негізін қалаған әйгілі Xtreme Couture MMA спортзалында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Желтоқсан айының соңында Оспанов Қазақстанға оралды.

Арман Оспановтың командасы UFC-мен келіссөзді осы жылдың көктемінде бастаған, әрі жыл соңына қарай келіссөзді барынша белсенді жүргіді. Көп ұзамай отандасымыз америкалық промоушенмен келісімшарт жасасып, АҚШ-та өнер көрсетуі мүмкін.

Айта кетейік, «Сұңқар» сегізбұрышқа соңғы рет 2020 жылы наурызда, ACA 105 турнирі аясында шықты. Алматыда өткен кеште ол ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Octagon 15 турнирі 27 қаңтарда Алматыда өтеді

UFC: «Сарбаздар аралындағы» турнирлерге көрермендер кіре алады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер