ММА

Octagon 15 турнирі 27 қаңтарда Алматыда өтеді

Octagon 15 турнирі 27 қаңтарда Алматыда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық промоушен Octagon-нің баспасөз қызметі биылғы бірінші турнирдің өтетін уақытын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Octagon 15 турнирі 27 қаңтарда Алматыда өтеді. Аталған кеш барлық ережелерге сәйкес көрерменсіз өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде екі қазақстандық файтер - Сағындық Мұқанов (8-3) пен Бауыржан Қуанышбаев (4-2) кездеседі. Бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы (77 келі) чемпиондық атақ сарапқа салынады.

27 қаңтарда титулды жекпе-жектен бөлек тағы 12 жекпе-жек өтеді. Кештің толық карды кейінірек жарияланады. Octagon 15 турнирінің тікелей трансляциясы SETANTA Qazaqstan телеарнасында көрсетіледі.

Айта кетейік, 2020 жылы желтоқсанын айында Octagon промоушені мен UNDERDOG спорт агенттігі бірігетіндігін жариялады. Былтыр қазан айында өткен Octagon Selection Vol.14 турнирі промоушеннің соңғы кеші болды.

Сонымен қатар UNDERDOG спорт агенттігі Octagon промоушеніне арнап жаңа логотип жасады. Компанияның алдағы және болашақ турнирлері осы логотипті пайдаланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер