UFC: «Сарбаздар аралындағы» турнирлерге көрермендер кіре алады

UFC: «Сарбаздар аралындағы» турнирлерге көрермендер кіре алады

16, 20 және 23 қаңтарда Абу-Дабиде Fight Island («Сарбаздар аралы») спорт кешеніне кіретін «Этихад Аренада» UFC туы астындағы үш турнир өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетерлігі, бұл кештерге аз мөлшерде жанкүйерлер кіре алады.

«Я там, где ММА» парақшасының хабарлауынша, аталған UFC турнирлері кезінде 18 мың көрермен сиятын «Этихад Аренаға» 2 мыңға жуық жанкүйер кіреді. 

Стадионға келгеннен кейін барлық көрермен ПТР тесттерін тапсырады. Жоғары температура белгілері бар жанкүйерлер аренаға жіберілмейді. Көрермендерге маска кию және арақашықтықты сақтау міндеттеледі.

Айта кетейік, Қазақстан уақытымен 24 қаңтар таңертең өтетін UFC 257 турнирінің алғашқы кардында Arlan MMA Pro Team командасының екі бірдей өкілі өнер көрсетеді. Атап айтқанда, ең жеңіл салмақта (56 келі) бұрынғы Fight Nights Global чемпионы Жалғас Жұмағұлов швед спортшысы Амир Албазимен кездеседі. Ал жеңіл салмақта (62 келі) бұрынғы M-1 Global чемпионы Сергей Морозов ресейлік Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады.

Қазіргі уақытта қазақстандық қос файтер командасымен бірге Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

<h4>«Бізді қиын кезеңдер күтіп тұр». Хамитов тағы да даулы мәлімдеме жасады</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или