Әлем футболы

«Барселона» қаңтарда клуб түлегі Эрик Гарсияны сатып алмайды

«Барселона» қаңтарда клуб түлегі Эрик Гарсияны сатып алмайды
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Ситидің» қорғаушысы Эрик Гарсия қаңтарда «Барселонаға» ауыспайды.

Команданың бас бапкері Рональд Куман қаңтар айында сатып алуға міндетті футболшылардың қатарына Гарсияны да қосқан еді.

«Барселонаның» уақытша президенті Карлес Тускетс дәл осы лауазымға үміткер үш адаммен кездесті. Тараптар испан футболшысының ықтимал трансферін талқылады. Үш үміткердің біреуі ғана қаңтарда ойыншыны қатарға қосуды мақұлдады. Бір дауыс жеткіліксіз, сондықтан каталондықтар клуб түлегі жайлы манчестерлік ұжымға ұсыныс жасамайды.

Ағымдағы маусымда Гарсия барлық турнирлерде 7 кездесу өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер