ММА

Порье - Макгрегор жекпе-жегі титулды бола ма

Порье - Макгрегор жекпе-жегі титулды бола ма
news-banner7
mobile-news-top

Дастин Порье мен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек титулды болуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Порье мәлімдеді. Оның айтуынша, Хабиб шынымен мансабын аяқтаса, Конормен кездесуі титулды болуы мүмкін.

«Хабиб - бір сөзді адам. Егер ол кетем десе, шынымен кетуі мүмкін.

Сондықтан Конормен жекпе-жегім титулдық жекпе-жекке айналуы мүмкін деп ойлаймын. Ол бұрынғы нақты чемпион. Мен белдікті қайтарып алғысы келетін бұрынғы уақытша чемпионмын. Соңғы рет біз екеуіміз де қазіргі чемпионнан ұтылдық. Сондықтан бәрі мүмкін.

Сонда да мен бұған көп мән бермеуге тырысамын, өйткені келесі жекпе-жекте мен әлемдегі ең мықты файтерлердің бірімен кездесемін», - деді Порье.

Порье мен МакГрегор арасындағы екінші жекпе-жек 2021 жылдың 23 қаңтарында UFC 257 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, қос файтер арасындағы алғашқы жекпе-жек 2014 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол кезде Конор техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Конор МакГрегор UFC-дің 2020 жылдағы ақылы сатылым рекордын орнатты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер