ММА

Конор МакГрегор UFC-дің 2020 жылдағы ақылы сатылым рекордын орнатты

Конор МакГрегор UFC-дің 2020 жылдағы ақылы сатылым рекордын орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Бірнеше ай бұрын UFC президенті Дана Уайт UFC 251 және UFC 254 турнирлері осы жылы ең көп кіріс әкелгенін мәлімдеген еді. Бірақ екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Конор МакГрегор бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Твиттердегі парақшасында 32 жастағы файтер америкалық промоушеннің ішкі құжатын орналастырды, онда осы жылдың қаңтарында өткен UFC 246 турнирінің PPV нөмірлері көрсетілген. Сол кештің басты жекпе-жегінде Конор Дональд Серронеге қарсы төбелесті. Құжаттағы ақпаратқа сәйкес, компания аналитиктері 1 миллион 285 мың 562 адамды ақылы трансляция (PPV) арқылы тартуды жоспарлаған жоспарлағаны белгілі болды, бірақ көрсетілімді 1 миллион 353 мың 429 адам сатып алған. Осылайша, Макгрегордың қатысуымен өткен UFC 246 турнирі UFC-дің ең көп қаржы әкелген үздік үш турнирінің қатарына кірді. Алғашқы екі орын да ирланд спортшысына тиесілі. UFC 229 турнирін 2,4 миллион адам сатып алды, ал UFC 202-ге 1 миллион 650 мың адам тартылды.

Усман - Масвидаль шайқасқан UFC 251 турнирінің трансляциясын бір миллион адам сатып алса, UFC 254 турниріне 600 мың адам ақша төлеген. Бұл кештің басты шайқасында Нурмагомедов пен Гэтжи төбелесті.

Естеріңізге сала кетейік, МакГрегордың келесі жекпе-жегі 24 қаңтарда таңертең өтеді. UFC 257 турнирінде ирландиялық Дастин Порьемен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер