ММА

UFC басшысының Тони Фергюсоннан көңілі қалды

UFC басшысының Тони Фергюсоннан көңілі қалды
news-banner7
mobile-news-top

UFC басшысы Д'qна Уайт Тони Фергюсонның жеңілісі туралы пікір білдірді. Функционер америкалықтың жекпе-жегіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бүгінгі турнир кезінде бұрынғы Тониді көремін деп үміттендім. Джастин Гэтжимен өткен жекпе-жекте ол салмақ дәрежесіне байланысты нашар төбелесті деп ойлағанмын. Иә, ол әдеттегідей мінез көрсетіп, қайсарлық танытты, бірақ оның ең үздік кездері артта қалыпты. Бұл кез келген адамның басына келеді.

Енді Тони үйіне барып, отбасымен бірге біраз уақыт өткізуі керек. Сондай-ақ, келесі жылы не істегісі келетінін ойлауы керек. Одан кейін барып қана Тонидің алдағы жағдайын көре жатармыз», - деді Уайт.

Еске сала кетелік, бұл - Фергюсонның биылдғы екінші жеңілісі. Бұған дейін ол Джастин Гэтжиден де жеңілген еді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер