«Мен дайынмын». Әли Ахмедов титулды жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

«Мен дайынмын». Әли Ахмедов титулды жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) супер орта салмақтағы вакантты IBO чемпионы белбеуі үшін эквадорлық Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміз маңызды жекпе-жек алдында көңіл-күйімен бөлісті. 

«Әлем чемпионы атағы үшін алғашқы жекпе-жегіме дайынмын! Бұл тек бастамасы», - деп жазды Ахмедов Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Ахмедов — Гонгора жекпе-жегі 18 желтоқсанда Голливудта (Флорида, АҚШ) өтетін орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы кездесудің андеркартында өтеді. 

Желтоқсанда кімдер шаршы алаңға шығады

Әли Ахмедов IBO World белбеуі үшін жұдырықтасады

Елордада өтетін бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или