«Жетісу» - «Тараз»: қарсыластық тарихы

«Жетісу» - «Тараз»: қарсыластық тарихы

Футболдан Қазақстан чемпионатының 20-турының «Жетісу» - «Тараз» матчы қарсаңында біз Талдықорған мен Тараз клубтарының арасындағы статистикасын еске түсіреміз.

Ең жақын матч «Жетісу» мен «Тараз» арасындағы қарсыласу тарихындағы 59-шы матч болады. Әзірге аздаған басымдылық қарсыластарымыздың жағында. Жетісулықтардың 22 жеңісіне қарсы 24 рет Тараздықтар жеңіске жеткен. Тағы 12 кездесу бейбіт нәтижемен аяқталды.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202011/207285_0497eaf4e130d85c314ee6c0cb44c847.webp" /></picture>

Бірақ соңғы кездері «Жетісу» «Таразға» статистикалық көрсеткіштер бойынша белсенді түрде жақындай келеді - Талдықорғандық ұжым 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымында 2:0 есебімен басым болды. 

Естеріңізге сала кетейік, «Жетісу» - «Тараз» арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 20-тур матчы сенбі, 21 қараша күні Талғардағы КФФ құрамалары базасының алаңында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 14:00-де басталады.

«Оқжетпес» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или