Не бел, не белбеу кетеді. Албания - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Не бел, не белбеу кетеді. Албания - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Ұлттар лигасы С дизизионының 4-тобында Албания - Қазақстан кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz

Михал Билек шәкірттері төрт ойыннан кейін төрт ұпай еншілеп, топтың соңғы орынында тұр. Ал, Албанияның еншісінде бес ұпай. Сондай ақ, бүгін қарсыластырымызбен 2-3 орындарды бөлісіп тұрған Литва еншісінде де бес ұпай бар. Ал, жеті ұпайы (оның алтауын Қазақстанға қарсы ойында еншіледі) бар Беларусь құрамасы топтың көшбасшысы.

Қазақстан құрамасы бүгін тең ойнаса, бірінші орынға қол жеткізу қиынға соғады. Ал, Беларусь - Литва ойынында алғашқы команда жеңіске жетсе, онда бірінші сатыдан мүлде күдер үземіз. 

Албания құрамасымен Алматыда өткен алғашқы ойында біздің жігіттер 0:0 есебімен тең түсті. 

Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады. Qazsport телеарнасында тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар. 

Еске сала кетейік, Қазақстан үш күн Черногорияға қарсы жолдастық матч өткізіп, тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или