Ла Лига президенті еуропалық Суперлиганың құрылуы жөнінде айтты

Ла Лига президенті еуропалық Суперлиганың құрылуы жөнінде айтты

Ла Лига президенті Хавьер Тебас тек үздік клубтар ойнайтын еуропалық суперлига құру туралы пікірге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Суперлига туралы сыбыстарды бардағы әзіл ретінде қабылдаймын. Мен оны планетааралық лига дер едім. Оның қиял-ғажайыптан туындағаны сонша, оған тіпті Марстан да команда ұшып келетіндей көрінеді. ТОР клубтар ұлттық чемпионаттары мен Чемпиондар лигасында ойнай алмай қалудан қауіптеніп, Суперлиганы қолдамайды да!.  Немесе олар 12 миллиард еуро салуға кепілдік бере алатын инвесторды табуы керек. Бірақ ФИФА, УЕФА мен жетекші чемпионаттарға кім қарсы шыға алады? Ондайлар жоқтың қасы», - деп келтіреді Marca Тебастың сөзін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или